KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Шығыс Қазақстан полицейлері ауыл тұрғынынан 2 келіден астам марихуана тәркіледі

11.12.2025, 17:00 140 Төлеуғазы Жансая

Күршім ауданында малды қараусыз жайғаны үшін жауапқа тарту мақсатында ауылдың 52 жастағы тұрғынына келген учаскелік полиция инспекторы ер адамның есірткі қолданып отырғанын көрген. Кейіннен жүргізілген тінту барысында полицейлер өзіне тән иісі бар қоңыр түсті ұсақталған өсімдік тектес затты тәркілеген, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жүргізілген сараптама нәтижесі оның жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екенін растады.

Ер адам есірткіні жеке мақсатта пайдалану үшін жинап, сақтағанын түсіндірген. Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция өңір тұрғындарына есірткі заттарының айналымына, сақталуына және қолданылуына жол берілмейтінін еске салады, сондай-ақ мұндай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.


Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу