Шемонаиха-Секисовка бағытында қозғалысқа шектеу енгізілді
![](/kz/uploads/posts/2025-02/pexels-artem-balashevsky-651916235-19395658.webp)
pexels.com
«ОблШығысЖол» ЖШС хабарлауынша, 13 ақпан күні сағат 17:00-ден бастап қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты «Шемонаиха-Секисовка» автожолының 0-56 км учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шектеу келесі көлік түрлеріне қатысты:
- Жүк көліктері (тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автомобильдері) рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 тоннадан асатын;
- Тұрақты жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар.
Қозғалысқа шектеу облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автожолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеріп, жол қозғалысы шектеулері туралы ресми ақпарат көздерінен мәлімет алуға кеңес беріледі.
Оқи отырыңыз