KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу қарқыны ЕАЭО елдері арасында ең төмен деңгейде сақталуда

gov.kz

30.10.2024, 16:30 87 Төлеуғазы Жансая

Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері бойынша, Қазақстан азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша Армениядан кейін ЕАЭО елдері арасында ең төменгі көрсеткішке ие. Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуі 2,9%-ды құрап, Ресейдегі 4,5% және Беларусьте 3,7%-бен салыстырғанда айтарлықтай төмен,- деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Қыркүйек айында Қазақстандағы жылдық инфляция 8,3%-ға дейін баяулады, ал азық-түлік бағасының өсу қарқыны 5,1%-ға дейін төмендеді. Соңғы 9 айда азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты сақталып, сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бағасы төмендеген.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірқатар қолдау шараларын жүзеге асыруда. Олардың ішінде:

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) өндіруге басым қаржыландыру,
  • Маусымаралық кезеңде тауар интервенциялары,
  • Сауда үстемелеріне бақылау орнату және делдалдарды болдырмау мақсатында баға белгілеу тізбегін талдау,
  • Заманауи сауда инфрақұрылымын дамыту шаралары қарастырылған.

Жыл басынан бері министрліктің аумақтық бөлімшелері сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 4014 әкімшілік қаулы шығарып, 25 млн теңге сомасына 667 айыппұл салды. Сауда бұзушылықтарды анықтауда электрондық шот-фактураларды талдау тәсілі қолданылып, 8,9 мыңнан астам азық-түлік жеткізу тізбегі сараланып, 3 мыңнан астам заң бұзушылық тәуекелдері анықталды. Жұмыртқа бағасының тұрақтылығы үшін министрлік пен Қазақстан Құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыртқа бағасының шекті деңгейін сақтау туралы меморандумдарға қол қойды. Ал ресейлік қант экспортына қойылған шектеуге байланысты, маусым-тамыз айларында Қазақстан ЕАЭО елдеріне қант экспорттауды тоқтатты.

Сондай-ақ, ҚР Сауда желілері одағымен ішкі нарықта отандық тауарлардың үлесін арттыруға және өндірісті қолдауға бағытталған бірлескен шаралар туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив