Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру туралы Меморандумға қол қойылды

pexels.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы және Сауда желілері одағы бағаны тұрақтандыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жасалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР АШМ сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа импортына шектеу енгізу мүмкіндігін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігі сұр импортқа жол бермеу бойынша бақылауды күшейтеді. Құс өсірушілер одағы құс фабрикалары мен фирмалық дүкендердегі бағаны тұрақтандыруға міндеттелсе, Сауда желілері одағы сауда үстемесін шектеуді және қосымша сыйақылар өндіріп алмауды қамтамасыз етеді,- делінген министрлік хабарламасында.
Оқи отырыңыз