KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 2 м/с, З
480.5 534.22 5.18

Балаларымыз не ойнап, не көріп жүр?

9.06.2021, 16:37 252

Қазір ғаламторды ашып қалсаңыз, ойынның түр-түрі бар. Қайсысымен ойнағыңыз келеді, таңдау өзіңізде. Дегенмен мұның кері жақтары да жетіп артылады. Әсіресе, бала психологиясына кері әсер етуде. Бұған кім кінәлі? Баланың не ойнап, не көріп отыратынын қадағаламайтын ата-ана ма? Не себепті балалар ғаламтордағы ойындарғы әуес? Бұл сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Қазір балалардың сұранысына ие ойын - free fire ойындары екен.Көбіне бұл ойынды 7-15 жас аралығындағы балалар ойнайды. Әсіресе іштегі күйзелісті шығарып, барлық нәрсені ұмытқысы келетін балаларға таптырмайтын ойын көрінеді.

Тағы бір айта кететіні балаларға бұл ойынның экшн жанрында болуы қызушылықтарын арттыратын болып шықты.Оған қоса, бұл ойындар арқылы жаңа достар тауып жақсы қарым-қатынас орнату мүмкіндігі бар. Алайда баланың өз-өзіне қол жұмсауына әкеліп соғады. Бала сол ойынға қатты беріліп кетсе,шынайы өмірде емес, сол ойында жүргендей өзін сезінеді. Осы ойынның әр сызбасы ойында жүріп, сол арқылы өмір сүреді екен. Сондықтан психологтар бұл ойынды ойнауға кеңес бермейді.

- Негізі ойындар баланың жүйкесін әбден жұқартып, ашуландырады.Тек қана 1 сағатқа ғана ойнауына рұқсат етемін. Кейде үйге қонақтар келгенде ұзақ ойнап кетеді. Тек қонақтардың көзінше жыламасың деп рұқсат беремін. Әйтсе де қазір жазғы демалыс уақыты болғандықтан, баламның смартфон ұстауына тиым салдым, -дейді баласы 3 сыныпта оқитын өскемендік ата-ана Фариза Мұңалбай.

Санкт-Петербургтегі В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге әуестіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: 

- сабаққа үлгерімі нашарлап; 

- компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; 
- ата-аналарымен кикілжіңге бару; 
- сабаққа жиі бармай қалу; 
- баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; 
- өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; 

- үйге кешігіп келу; 
-күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; 
- берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда      болады; 
- ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, 
- басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады. 

- Осылардың бесеуі баланың бойында анықталса, "компьютер ойынына тәуелділік ықтимал" дегенді білдіреді.Ал жеті немесе одан да көп белгі анықталса тәуелді деп саналады.

Психолог мамандардың айтуынша, көп ойнауы баланы шынайы өмірден алыстатады. Виртуал, жансыз өмірде өмір сүре бастап, қасындағы адамдардың ішкі ойын, қазіргі сезімін түсінбейтін халге жетеді. Компьютерге көп байланатын балалар шынайы өмірде өздеріне сенімсіз,ата-анасының қарауынан тыс қалған балалар болады.

- Жалпы компьютерлік ойындар балаларға әрқалай әсер етеді. Бірақ бұл ойындар логикалық ойын дамытса, спортқа қызушылығын артыратын болса логикасының жетілуіне оң әсер етеді. Ал құбыжық, атыс-шабыс ойындары баланың жүйкесін жұқартады, көздері ауырып, оқу үлгерімдері нашарлай түседі. Негізінде компьютерлік ойын «аддикцияға» ұшыратады .Бала күннен бастап баланы жауапкершілікке сезіндірген дұрыс. Құмар ойын есірткіден де бетер.Соны біле тұра,балалар ойнайды, - дейді өскемендік психолог Назгүл Есимова. 

Бұл сырқаттан қалай арылуға болады? Ата-анасының жіті қадағаламауынан, баласымен ашық сөйлеспеуінен бала ғаламтордағы ойындарды ойнауға әуес болып, жаңа достар тауып жылулықты сол жерден алады. Сол себепті ата-аналар балаларымызбен көбірек сөйлескені абзал.


Қыдырбаева Самал Алдиярқызы
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика мамандығы, 

1 курс студенті



 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив