KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Сақ дәуірінің 9 жәдігері қалай заңсыз активке айналды

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кеше, 20:00 24 Айжанат Бақытқызы

Ұлттық музей директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева шетелге заңсыз шығарылмақ болған Сақ дәрігерінің жәдігерлері туралы мәлімет айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комиссия заңсыз иемделген құнды жәдігерлердің Елордадағы Ұлттық музейге берілетіні туралы бірнеше рет ақпарат таратқан. Астанада өтіп жатқан Қазақстан музей конгресінде Ұлттық музей директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева осы жұмыстың қандай сатыда екенін айтты.

 «Біз қайтарылған активтер бойынша осыған жауапты мекемелермен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ зерттеп, зерделеу жұмыстары әлі біткен жоқ. Бізге әлі қайтарылған жоқ. Тек қана ол мекемелерден ұсыныс түсті. Ол ұсыныс – жәдігерлерді зерттеп, кезеңін, құндылығын анықтап беру туралы арнайы хат жолдаған. Сол хаттың аясында Сақ дәуіріне жататын 9 жәдігерге сараптама жүргізіп жатырмыз. Яғни, олардың нақты қай кезеңнің жәдігері екенін, құндылығын зерделейміз. Алдын ала қорытындысын бердік те. Бірақ зертханалық зерттеулер әлі жүргізілген жоқ. Сынамасы, өлшемі бар дегендей. Осының бәрі зертхана тұрғысында жүргізіледі. Ол жәдігерлер әлі біздің қолымызға берілген жоқ», - деді Ақмарал Ибраева.

Сондай-ақ, ол аталған жәдігерлер ғылыми ортаға бұрыннан мәлім бұйымдар екенін айтады.

«Бұл жәдігерлер Сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдар. «Алтын адамдардың» бойынан табылып жатқан жапсырма, қапсырма бұйымдарға ұқсас заттар. Біздің ғылыми қызметкерлердің айтуынша, ол бұйымдар зерттеушілер ортасына баяғыдан белгілі болған. Бірақ музейге түсіп үлгермеген. Музейге түспестен сыртқа шығарылатын кезінде анықталған ғой. Яғни, шетелге шығып кетпеген. Ал енді кімдердің шығармақ болғанын, олардың қолына қалай түскенін біз білмейміз. Оны білуге құзыретіміз де жоқ», - дейді музей басшысының орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив