Тарбағатайда денсаулық саласының өкілдері АЭС салу мәселесін талқылады
АЭС салуды қолдау бойынша Тарбағатай аудандық Халықтық штаб мүшелері Болат Нұрпеисов, Асқар Боғырбаев және аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінің редакторы Ернар Үсенов Ақжар аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі энергия жетіспеушілігінің алдын алудың ұтымды жолы - АЭС құрылысы екендігін айтып өтті.
«Елдің ертеңін ойлап, болашақтағы қуат тапшылығын болдырмауды ескерсек, Қазақстанға АЭС салу - маңызды қадам. Қазірдің өзінде қуат тапшылығы еліміздің оңтүстік өңірлерінде сезіліп отыр»,- деді аудандық Халықтық штабтың мүшесі Болат Нұрпеисов.
Сонымен қатар кездесу барысында елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станциясын салудың қаншалықты тиімді әрі пайдалы екендігі түсіндірілді.
Шара соңында аурухана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, 6 қазанда өтетін референдумда дұрыс таңдау жасайтындықтарын жеткізді.