ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 8 факті анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көлікте, дүкендерде, дәріханаларда, көңіл көтеру орындарында белгіленген шектеулерді сақтау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Семей қаласының мониторингтік топтары 30 Сәуірде 310 нысанға тексеру жүргізді. Соның ішінде «жылу картасына»кіретін 278 нысан күнделікті мониторингпен қамтылды. Нәтижесінде шектеуталаптарын бұзған 7 жағдай анықталып (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және қоғамдық көлікте бетперде режимін бұзу), 43 755 теңге сомасына 1 хаттама толтырылды. 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл өндірілді.
Шемонаиха ауданында мониторингтік іс-шаралар барысында 77 объект қамтылды. Карантин режимін бұзған 1 факті тіркеліп, 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан басқа, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг Риддер қ., Курчатов қ., Бесқарағай, Абай, Үржар, Ұлан, Күршім аудандарында жүргізілді. Карантин шараларын бұзғандар жоқ.