KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Балаға жәрдемақы рәсімдеуге көмектесемін деп алдап соқты - Семей

12.04.2021, 16:57 264

Семей қ. ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген: Бұрын таныс емес әйел орталық базар ауданында балаға жәрдемақы алу үшін құжаттарды дайындауға көмектесемін деген желеумен оның 200 000 теңге мөлшеріндегі ақшасын иемденгенін хабарлады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 27 жастағы қала тұрғынын жеткізді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, ақшалай қаражатты өз мұқтаждықтарына жұмсағанын түсіндірді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті қырағы болуды, алаяқтардың арбауына түспеуге, күмәнді қаржы салымдарына қатысудан бас тартып және құқық белгілейтін құжаттарды және қаржы операцияларының ашықтығын тексеруге кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу