KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Алаяққа 4 миллион теңге беріп, үйсіз, ақшасыз қалды

12.02.2021, 17:38 150

Қаңтар айының соңында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына 40 жастағы әйел бір жылдан астам уақыт тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген 31 жастағы қала тұрғынына қатысты шара қолдануды сұрап жүгінген.

- Тергеу барысында 2019 жылдың тамыз айының ортасында,кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді ресімдеуді сылтауратып оның 3 600 000 теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын иемденгені анықталды.Тергеу әрекеттері барысында 31 жастағы жігіттен жауап алынып, ол кінәсін мойындады, - деді ПД ШҚО бастығы Сағат Мадиев. 

Күдікті Семей қаласы ПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті қырағы болуды, алаяқтардың алдауына түсіп қалмауды, күмәнді қаржы салымдарына қатысудан бас тартуды және құқық белгілейтін құжаттар мен қаржы операцияларының ашықтығын тексеруді ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу