Гардеробқа киім іліп, құжатсыз, ақшасыз қалды
Қаңтарда Өскемен қаласы ПБ «102» арнасына 22 жастағы қыз қала мейрамханаларының бірінде оны тонап кеткендігі туралы жүгінген.
Белгісіз біреу киім ілгіште ілініп тұрған оның күртешесінің қалтасынан заттарды ұрлап кеткені анықталды. Дәлірек айтқанда ұялы телефонның қуаттау құрылғысы, сымды құлаққап, жүргізуші куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ банк картасы және 3500 теңге сомасындағы ақшалай қаражат жоғалып кеткен. Материалдық шығын 30 000теңгені құрайды.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 46 жастағы қала тұрғынын анықтап, бөлімге жеткізді. Ол кінәсін толықтай мойындады, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.