KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Асыл тұқымды мал импорттаушыларға салықтық жеңілдіктер қайтарылады

10.08.2022, 12:27 57

Бұл Салық кодексіне 2022 жылғы 11 шілдедегі қосылған құн салығын әкімшілендіруге қатысты өзгертулермен көзделген. 

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, түзетулер Салық кодексінің 427 және 428-баптарына енгізілді және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде күшіне енеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлардың тізбесіне пестицидтерді (улы химикаттарды), барлық түрдегі асыл тұқымды тірі малды және қолдан ұрықтандыруға арналған құрал-жабдықтарды енгізу көзделіп отыр.

Мемлекеттік кірістер комитеті түзетулер бизнес-қоғамдастықтың ұсынысы бойынша енгізілгенін атап өтті. Бұған дейін 2021 жылғы 20 желтоқсандағы заңмен бұл лауазымдар жеңілдікті тізімнен алынып тасталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив