Өскемен–Риддер тас жолында шектеу енгізілді
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдың бірқатар учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz.
«КАЖсервис» ЖШС филиалының хабарлауынша, 7 қаңтар күні сағат 16:00-ден бастап қалың қар мен екпінді желге байланысты «Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы» автожолының 15–105 шақырым (Белоусовка кенті – Риддер қаласы аралығы) учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Мамандар жүргізушілерден сапарларын мүмкіндігінше кейінге шегеруді, ауа райы болжамы мен жол қызметтерінің ескертулерін назарда ұстауды сұрайды. Қауіпсіздік шараларын сақтап, жылдамдық режимін төмендету – жолдағы ең басты талаптардың бірі.