Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан өлгендер тіркелмеді
Қазақстанда 27 желтоқсан күні пневмония жұқтырғандар арасында бірде-бір өлім дерегі анықталмады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бір тәулік ішінде пневмонияның 27 дерегі тіркелді, 54 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 45 442 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 490 адам қайтыс болды, барлығы 32 830 адам жазылды.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз