Ұлттық валюта - теңгенің айналымға енгізілгеніне 27 жыл толды
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілгеніне 27 жыл толды.
Осыдан 27 жыл бұрын қарашаның қақ ортасында қазақстандықтардың қалтасына алғашқы төл теңге түсіп, ұлттық валюта ғұмырының басталуымен егемендігіміздің іргесі беки түскен еді. Мемлекет дербестігін шегелей түсетін тікелей фактор - ұлттық валютаның енгізілуі деп білсек, Тәуелсіз Қазақстан үшін теңгемен тың экономикалық саясатқа қадам басу - ең маңызды тарихи сәттердің бірі еді.
Оқи отырыңыз