KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Өскеменде жаңа емхананың қызметіне неліктен рұқсат берілмей отыр? «СЭС» жауап берді

16.06.2022, 16:15 171

Өскемендегі Киевская көшесіндегі "Авиценна" емдеу мекемесінің ғимараты 8 айдан бері қаңтарылып тұр.

Жеке меншік иесі «құрылысқа» деп 300 миллион теңге қаражатын салған.

Осылайша ғимарат заманауи жабдықтармен жабдықталса да, пациенттерді қабылдауға рұқсаты жоқ.

Рұқсат бермеу себебін санитриялық дәрігерлер емхана мен көрші көлік жуу арасында 50 метр қашықтық сақталмағанымен түсіндіреді.

- Менде қант диабеті бар, мен мұнда тар мамандар тегін қабылдайды деп күттім. Қалалық емханаларда кезекте 2 айға дейін күтуге тура келеді, ал ақылы емханаға қаражат жетпейді, - деп бөлісті зейнеткер Нина Спиридонова.

Жеке меншік иесінің айтуынша, «СЭС-тен» басқа қалған ведомстволардың жаңа ғимаратқа шағымдары жоқ. Тіпті аталмыш емхана нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуына қатысты үш рет өтініш жіберген екен.

Қазір науқастарды қабылдау бұрынғы әскери комиссариаттың ғимаратында жүргізілуде. Дәліздер мен кабинеттер өте тар, ал егде жастағы науқастарға тік баспалдақпен көтерілу тіпті қиын.

1ad9da73fa6e20aac5e521657518526b.jpeg

- Өтініштерді қарау кезінде жүргізілген профилактикалық бақылау барысында бастапқыда қажетті құжаттары болмады, сондай-ақ автомобиль жуу ғимаратынан 50 метр санитариялық ажыраудың болуы тиіс, алайда нақты тексеріс кезінде 5 метрден кем болу себептеріне байланысты талаптардың сақталмауына байланысты «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 11.01.2022 ж. №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен регламенттелген дәлелді бас тарту берілді, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Санэпидбақылау департаменті көрші құрылыстар арасындағы аралықты сақтамау елеулі заңбұзушылықтарға жататынын айттады және емхана иесіне сотқа жүгінуге кеңес берді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив