KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Өскемендегі 13 фонтанның күтіміне қыруар қаржы бөлінді

22.02.2022, 15:40 482

"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2022 жылы Өскемен қаласындағы фонтандарды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алуға байқау жариялады. Оған бюджеттен 37 млн 406 мың 250 теңге бөлінбек.

Байқау өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден өтіп жатыр. Шақырылып отырған мердігер - "ВОСТОКЭНЕРГОМОНТАЖ" ЖШС.

Байқау.jpg

Фонтандарды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар шарт жасасқан сәттен бастап 25 қазан аралығында жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, құжатта фонтан жұмысы 1 мамырда басталуы тиіс делінген.

Қызмет көрсетілетін фонтан қаланың 13 аумағында орналасқан:

- Қазақстан көшесіндегі орталық универсам алдындағы фонтан;

- Нұрмағанбетов және Бейбітшілік көшелерінің аумағында орналасқан Арбат;

- ММҮ алдындағы;

- ОМҮ алдындағы фонтан;

- ШҚМУ ғимараты алдындағы фонтан (2дана);

- әуежайдағы фонтан;

- Гагарин көшесіндегі фонтан;

- мешіттің алдындағы фонтан (Сол жағалау);

- Пермитин көшесіндегі фонтан (революционерлерге арналған ескерткіш ауданында);

- Пермитин көшесінде «Амфитеатр» ауданындағы фонтан;

- Чайка дүкені жанындағы фонтан;

- Лихарев көшесіндегі фонтан;

- Республика алаңындағы музыкалық фонтан (3 дана);

   

Техникалық ерекшелік бөлімінде жұмыстарды орындауға қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- Бүлінген жағдайда 1 сағат ішінде диагностика жүргізіп, кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдау;

- Фонтандардың сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қарау және реттеу жүргізу. Жабдықты жөнделген күйде ұстау;

- Бекітілген кесте бойынша күнделікті, сондай-ақ демалыс және мереке күндері де қосулар мен ажыратуларды жүргізу;

- Фонтандардың электр жабдықтарының кідіріссіз жұмысын қамтамасыз ету және демеу;

- Фонтандардың сәулеттік кешендерінің санитарлық жағдайын қадағалау.

- Фонтандардың негіздерін, бассейндерін және қаптауларын ағымдағы жөндеу;

- Өскемен қаласы, Республика алаңындағы музыкалық фонтандардың жарықтық элементтерін және аудиожүйелерін, сорғы жабдығын реттеу, бақылау-өлшеу құралдарын баптау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Суға микробиологиялық зерттеу жүргізу, су үлгілерін санитарлық вирусологияға зерттеу, зерттеу хаттамаларын ұсыну және т.б

- Пайдалану кезеңінде фонтан бекітілген кестеге сәйкес тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс;

- фонтан ыдысындағы су таза, тұнық болуы тиіс;

- су суреті – дұрыс; - ағынша биіктігі – белгіленген болуы тиіс.

Техникалық ерекшелік.jpg

 

Айта кетейік, бір көзден өткізіліп отырған байқау 18 ақпанда басталып, 3 күннен кейін аяқталады.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу