KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Үкімет Риддердің жылу жүйесіне 8,4 млрд теңге бөлді

Фото: newsroom.kz

27.07.2023, 09:10 565 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ел Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді деп жазылған.

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар отын беру галереясы мен аспирация жүйесіне де күрделі жөндеу жүргізіледі.

«Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын бұзып, салдарынан облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды», – деп жазды ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив