KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде сырықпен секіруден халықаралық жарыс өтті

2.09.2023, 20:51 508 Ләззат Қанатқызы

Бүгін шаhардағы қолайсыз ауа райына қарамастан орталық алаңға спортсүйер қауым көптеп жиналған.

Мұнда дәстүрге айналған «ALTAY JUMPING PARTY» сырықпен секіру халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш жарыста Қазақстанның белді споршыларымен қатар Түркия мен Тайланд атлеттері де өнер көрсетті.

 

- Бүгінгі жауын-шашынға қарамастан жарысты тамашалауға келген барша көрерменге алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз споршыларға үлкен сенімділік пен күш-қуат берері сөзсіз. Атлеттерге тек сәттілік тілеймін! - деді ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков.

«ALTAY JUMPING PARTY» сырықпен секіру жарысының нәтижесі бойынша, 3-ші орынға Түркиядан келген Ilkay Aidemir, 2-ші орынға тайландтық Kasinpov Chomchanad тұрақтаса, жүлделі 1-ші орынды Товченик Иван иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив