KZ
Өскемен
+1°
снег жел 10 м/с, Ю
495.95 535.28 5.54

ШҚО австралиялық кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтып жатыр

29.09.2023, 13:09 259 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға жұмыс сапарымен тау-кен кәсіпорындары үшін жабдықтар, технологиялар және жүйелік бағдарламалар әзірлейтін австралиялық компания өкілдерінен құралған делегация келді. 
Арнайы делегация алдымен 20-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен "Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту"атты Орталық Азия халықаралық көрмесіне қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш көрме -  тау-кен-металлургия кешені саласындағы қазақстандық және шетелдік жабдықтар, қызметтер мен әзірлемелер өндірушілердің жетістіктерін көрсетуге арналған кәсіби алаң. Ол көптеген жылдар бойы тау-кен кәсіпорындарының, тау-кен байыту комбинаттарының, көтерме сауда компанияларының және басқа да сала өкілдерінің мамандарымен өндірушілер мен жеткізушілердің іскерлік байланыстарын кеңейтуге ықпал етіп келеді.
Барлығымызға белгілі ШҚО - Республиканың тау-кен өнеркәсібінің орталығы болып табылады. Сондықтан Австралиядан келген кәсіпкерлер өңірге үлкен қызығушылық танытып отыр. Екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін ШҚО әкімі делегация өкілдерімен кездесті. 
Шетелдік қонақтар облыстың тау-кен өндіру кәсіпорындарымен өзара іс-қимылдың үлкен әлеуетін көріп отырғанын да атап өтті.
Айта кету керек, делегация құрамында тау-кен өнеркәсібіндегі технологиялар мен инновациялардың жаһандық дамуына жәрдемдесуге бағытталған Austmine компаниясының, Jacon Equipments, McLanahan, Endurad және тағы басқалар сияқты операциялық технологиялар, басқару жүйелері, инженерлік қызметтер,  тау-кен және құрылыс кәсіпорындарына арналған жабдықтар мен техникалар өндіру жөніндегі ұйымдар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі - Mipac фирмасының өкілдері бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу