Таврия мен Ново Азовое арасындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын (видео)
Өскемен – Семей бағытындағы республикалық трассасының Таврия мен Ново Азовое ауылдары арасындағы ұзындығы 18 шақырым болатын жол учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың жазында басталған жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр және қазан айының ортасына дейін толықтай аяқталуға тиіс.
Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстарына жауапты «Kurylys Group RK» ЖШС міндетін ойдағыдай атқаруда. Нысанды тапсыру қазан айына жоспарланған және бірнеше күннен кейін барлық жұмыс аяқталуы керек.
Аталмыш учаскедегі жолды орташа жөндеу жобасының жетекшісі Ермек Әлиев жұмыстарға 50-ге жуық техника мен 70 шақты адам жұмылдырылғанын атап өтті.
Келесі кезең – трассаның өзге учаскелерін қалпына келтіру. «ҚазАвтоЖол» мекемесінен хабарлағандай, 2025-2026 жылдары Өскеменнен Таврия ауылына дейін және Ново Азовое ауылынан Абай облысымен шекараға дейін қажетті жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
Нұржан Кенжеұлы