KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Әлемде жабайы жануар саны 73 пайызға азайған

Кеше, 20:00 60 Төлеуғазы Жансая

Жер бетінде жабайы жануар саны 73 пайызға азайған, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

1970-2020 жылдар аралығында жер бетіндегі жабайы жануарлардың саны 73 пайызға азайған.

Әсіресе Латын Америкасы мен Кәріб бассейні елдеріндегі жағдай күрделі. Мұнда кейінгі жарты ғасырда жануарлардың саны 95 пайызға дейін қысқарған. Оған адамның іс-әрекеті, климаттың өзгеруі мен түрлі аурулардың таралуы себеп.

Мамандар мұның бәрі болашақта азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикаға кері әсер етуі мүмкін деп ескертеді. Десе де жақсы жаңалықтар да жоқ емес. 50 жылда Африкадағы тау гориллаларының популяциясы қалпына келе бастаған.

Сонымен қатар бұрын жойылу қаупі төніп тұрған жабайы бизондар саны көбейген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив