KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

16 қазан. Жылнама

16.10.2024, 09:00 58 Төлеуғазы Жансая

Altainews.kz редакциясы 16 қазанға арналған атаулы күндерді оқырман назарына ұсынады.

Дүниежүзілік нан күні

Мереке 2006 жылы Наубайшылар мен кондитерлердің халықаралық одағының бастамасымен құрылған. Ал датаны таңдау 1945 жылы 16 қазанда ауыл шаруашылығы мен оның өндірісін дамыту мәселелерімен айналысатын БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылуымен байланысты.

Еліміздегі нан күні

2019 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізіліп, оған сәйкес 16 қазан Нан күні болып белгіленді. Мереке күні астық және нан өнімдерінің жоғары мәртебесін нығайту, сондай-ақ қазақ астық өсірушілері, ұн тартушылары мен наубайшылары еңбегін құрметтеу және мойындау белгісі ретінде белгіленді.

Дүниежүзілік азық-түлік күні

Бұл күн 1979 жылы белгіленді. Оның мақсаты - планетадағы аштық мәселесін шешуге назар аудару. Бұл күні 1945 жылы 16 қазанда құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылған күнінің құрметіне таңдалды. Бұл халықаралық ұйым әлемнің әртүрлі елдерінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысды. Бұл ұйымға 190-нан астам мемлекет мүше.

Дүниежүзілік омыртқа күні

2008 жылы 90 ұлттық хиропротикалық ассоциацияларды біріктіретін Дүниежүзілік хиропрактикалық федерациямен құрылған. Ол омыртқаның денсаулығы мен аурулары туралы хабардарлықты арттыруға, емделуші ұйымдарға, денсаулық сақтау мамандарына және басқа да мүдделі тараптарға омыртқа ауруын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша үздік тәжірибелерді талқылауға және омыртқа денсаулығына тұтас көзқарасты насихаттауға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив