KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

ҚТЖ-да формальді еңбек қызметінің фактілері анықталды

Бүгін, 10:00 0 Төлеуғазы Жансая

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің фактілері анықталды. Бұл туралы Altainews.kz редакциясы ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТЖ мәліметіне сүйенсек, ревизорлық комиссия ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады.

"Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген. Аталған фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді. Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетпек. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив