KZ
Өскемен
-18°
ясно жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

ҚТЖ филиал басшысы компанияға 21 млн теңге шығын келтірген

t.me/PR_KTZh

20.10.2024, 20:00 138 Назерке Каримова

Ол үйін салғандарды мекемеге қызметкер ретінде тіркеп қойған

Компанияға қарасты "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында жұмыс істемесе де жалақы алып жүрген қызметкерлер анықталды, хабарлайды Altainews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

- Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, 21 млн теңге шығынды дәлелдеді, - делінген ақпаратта. - Ревизорлық комиссияның тексеруі кезінде жұмысқа формальды тіркелген адамдар филиал басшысының үйін салып жүргені белгілі болды.


ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды.

Қазіргі уақытта іс Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу