KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Ертең ШҚО-да күн жауын-шашынды, көктайғақ болады

pexels.com

Кеше, 19:00 32 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД мамандары көлік жүргізушілеріне алыс жолға шығар алдында көлікті толықтай тексеріп, төтенше жағдайда керек-жарақты түгендеп алуды ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалы ұсынған болжамға сүйенсек, 24 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.

Құтқарушылар жүргізушілерге жолға шығар алдында жүксалғышқа сүйреткіш арқан, ескерту үшбұрышы, жанармай қоры, күрек, қолшам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, тамақ бсалып алуды ескертеді.

- Көлігіңіз қысқы ауа райына жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпаған жөн, - деп ескертеді құтқарушылар. - Төтенше жағдайда "112" нөмірін теріп, құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғыш әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру керек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив