Семей тұрғыны жылыжайында қарасора өсірген
29 сәуір күні Семей қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы үйлердің бірінің маңынан «есірткі құралдарын заңсыз сақтау» күдігімен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оны тінту барысында үйінің алдынан ескі терезелерден жасалған, полиэтилен пакетімен оралған жылыжай табылды. Жылыжай ішінен өсіп тұрған жасыл түсті, иісі бар барлығы 8 түп өсімдік табылып, тәркіленді.
Ары қарай тінту барысында,теледидар астындағы тартпадан, жасыл түсті өсімдік тектес полимерлі түйіншекке оралған зат табылды.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат – салмағы 6,40 гр. құрайтын кептірілген марихуана есірткі заты болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.