Эвакуация жағдайы тіркелді. ШҚО-да өзен суы 73 см көтерілді
Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Ұлан ауданындағы Аблакетка өзенінің су деңгейі бір тәулікте 73 см-ге жетті. Бұл туралы ШҚО ТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналған су Өскемендегі "Солнечная долина" саяжай қоғамындағы аумақ пен үйлерді басты.
- Саяжай қоғамында 226 бақша учаскесі бар. Оның 31-ін су басты. Бұл үйлерде ешкім тұрмайды. Саяжай аумағында екі үйдің ғана тұрғыны бар. Алайда олардың үйлеріне қауіп жоқ, - деп хабарлайды ШҚО ТЖ баспасөз қызметі.
Отбасылардың бірі уақытша тұрғылықты орнын ауыстырды. Екінші үй иелері эвакуациядан бас тартқан ШҚО ТЖД мен қала әкімдігінің мамандары жағдайды бақылауда.