KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Омбы-Майқапшағай. Наурыздан бастап жол ақылы болады

4.02.2021, 10:10 226

ШҚО-да республикалық маңызы бар «Омбы Майқапшағай» автомобиль жолының учаскесі бойынша жүк автомобильдері үшін ақылы жол жүру басталмақ. Бұл туралы Шығыс қазақстан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы хабарлайды:

2021 жылы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ Бесқарағай, Жарма аудандары мен Семей қаласының аумағы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» (Павлодар облысының шекарасы – Қалбатау кенті) автомобиль жолының учаскесі бойынша жүк автомобильдері үшін жол ақылы болады деп отыр. 

- Жол жүруді бақылау ақы алудың арнайы жүйесінің (көлік құралдарының габариттерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бейнекамералармен оқу) көмегімен жүзеге асырылатын болады.Осы мақсаттар үшін 2020 жылдың соңында инвесторлардың қаражаты есебінен («Computer Vision Technoiogiec» ЖШС МЖӘ арқылы) жоғарыда көрсетілген жол учаскесі бойынша 8 бақылау аркасы орнатылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта камералар әлі орнатылмаған. Іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал жол жүру бағасы 5-9 наурыз аралығында Семей қ., Шар қ., Қалбатау кенті, Бесқарағай ауылында белгіленген қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін анықталмақ.

Барлық сұрақтар бойынша жол қозғалысына қатысушылары «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚО филиалына, Өскемен қ., Буров к-сі, 67-ге хабарласа алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив