KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями Штиль
480.5 534.22 5.18

Полиция қызметкерін балағаттағаны үшін ШҚО тұрғыны 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

31.01.2021, 16:27 104

Осылайша істі боп, пробация қызметіне есепке тұрып, қоғамдық жұмыстарды орындап жатыр.

Пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органға жіберді, онда оған қоғамдық жұмыстарды орындау үшін объект бөлінді.

Қоғамдық жұмыстарды орындай отырып, сотталған өз қалауымен жалғыз басты қарт адамдарға қар тазалауға көмек көрсетіп жүр.

- Ол полиция қызметкерін балағаттағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол күніне 4 сағат қар күреп жүр, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Айта кетейік, күзде 102 нөміріне әйел адамның мас күйеуі оны ұрып-соғып, балаларды қорқытып жатқаны жайлы қоңырау түскен. Полицейлер келген кезде мас адам себепсіз қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге әдепсіз сөйлеп, балағаттаған. Полиция қызметкерлері сабырға шақырып тыныштандыруға тырысқанмен бағынбаған. Керісінше бөгде адамдарға дөрекі балағат сөздер айтуды жалғастырған. Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив