KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Әлемде коронавирус қайта күшейді

www.undp.org

17.12.2023, 15:05 1 041 Назерке Каримова

Әлем елдерінде COVID-19 инфекциясы қайта белең ала бастады.

Канаданың Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында ауру өршіп тұр, деп  хабарлайдыAltaynews.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап. 

Мұнда 1 аптада 9 мың жағдай тіркелген, оның 19-ы өліммен аяқталып отыр дейді мамандар. Ал Сингапурда бір апта ішінде 56 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 75 пайызға көп. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды ғимарат ішінде бетперде тағып жүруге шақырды. Германияда да осыған ұқсас жағдай. Мұнда соңғы 1 аптада коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 27 мыңға жеткен. Эпидемиологтар алаңдауға еш негіз жоқ дейді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу