Швейцария халқы жаңа АЭС салуды қолдады
Фото: pixabay
Швейцария халқы жаңа атом электр станцияларын (АЭС) салуды қолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 19-22 қыркүйек аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 19 552 адам қатысып, көпшілігі жаңа атом электр станцияларын салуды және АЭС құрылысына қатысты қолданыстағы тыйымды алып тастауды қолдаған.
Бұл сауалнаманың өткізілуіне себеп болған жағдай – 2023 жылғы тамыз айының соңында Швейцария үкіметі жаңа АЭС құрылысына тыйымды алып тастауға тырысатынын жариялады. Атом энергиясы туралы заңға түзетулер 2024 жылдың соңына дейін ұсынылады, ал қоғамдық консультациялар 2025 жылдың наурызына дейін жалғасады. Содан кейін түзетулер парламентке қарауға беріледі.
Қазіргі уақытта Швейцарияда төрт АЭС жұмыс істеп тұр, олар елдегі электр энергиясының шамамен үштен бірін өндіреді. Бұл станциялардың жұмыс істеу мерзіміне шектеу қойылмаған, сондықтан олар жоспарлы инспекциялар олардың қауіпсіздігін растаған жағдайда жұмысын жалғастыра береді.
Сонымен қатар 30 қыркүйекте Ұлыбританияда соңғы көмір электр станциясы жабылды, бұл - әлемдегі энергетикалық өзгерістердің тағы бір белгісі.