KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
492.65 525.71 5.03

ШҚО-да халықтық штаб мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесті

25.09.2024, 11:00 151 Айжанат Бақытқызы

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабының мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиында Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсетінін мәлім етті. Айтуларынша, атом электр станциялары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады.

«Өздеріңізге белгілі еліміздің электр қуатына деген тәуелділігі жыл санап артпаса кемімейді. Осы түйткілді мәселені шешу үшін бізге АЭС салу керек. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне де жол ашады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығындыларын азайтып, елдің экологиясын жақсартуға ықпал етеді. Бастысы, атом электр станциясын салу экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек»,- деді спикер Әскерхан Хуанбай.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу