АЭС салынса, жаңа жұмыс орындары ашылады
АЭС салуды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында штаб мүшелері атом электр станциясының салынуына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды.
Осылайша, атом электр станциясының құрылысы – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі.