Испаниялық Родри футболдан 2024 жылғы «Алтын доп» иегері болды
Биыл 68-рет өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бұл марапатты 1956 жылдан бері «France Football» журналы тағайындап келеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ереже бойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегерлері анықталып, 21 жасқа дейінгі үздік футболшыға «Копа трофейі», үздік қақпашыға «Яшин трофейі» табысталды. Сондай-ақ үздік ерлер және әйелдер командалары таңдалды. Өткен маусымның үздік сұрмергендері Герд Мюллер трофейімен марапатталды.
Биыл марапаттар қатарына тағы екі жаңа жүлде қосылды - ерлер және әйелдер командалары арасындағы үздік бапкерлер анықталды.
2024 жылғы жеңімпаздар:
- Үздік футболшы: Родри («Манчестер Сити», Испания құрамасы)
- Үздік әйел футболшы: Айтана Бонмати («Барселона», Испания құрамасы)
- Копа трофейі: Ламин Ямаль («Барселона», Испания құрамасы)
- Мюллер трофейі: Харри Кейн («Бавария», Англия құрамасы), Килиан Мбаппе («ПСЖ» / «Реал», Франция құрамасы)
- Яшин трофейі: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Аргентина құрамасы)
- Үздік клуб (ерлер): «Реал Мадрид»
- Үздік клуб (әйелдер): «Барселона»
- Үздік бапкер (ерлер): Карло Анчелотти («Реал Мадрид»)
- Үздік бапкер (әйелдер): Эмма Хейз («Челси», АҚШ құрамасы)