KZ
Өскемен
-17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

20-26 қаңтар аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

pexels.com

20.01.2025, 19:00 272 Төлеуғазы Жансая

20-30 қаңтар аралығында Астана қаласында «Болашақтың ойындары – 2025» киберспорт турниріне іріктеу жарысы өтеді. Еліміздің 15 өңірінен келген 80-ге жуық спортшы «Жекпе-жек» сарайы мен «Сарыарқа» велотрегінде өз шеберліктерін көрсетеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

21-28 қаңтарда Германияның Алтынберг қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа ашық чемпионаты өтеді. Қазақстан атынан 8 спортшы ел намысын қорғайды.

21-26 қаңтарда Канададағы Лак-Бопор қаласында фристайл акробатикадан Әлем кубогі кезеңі ұйымдастырылады. Халықаралық жарыста 6 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Сол кезеңде Швейцарияның Энгадин қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогі өтеді, бұл жарыста да еліміздің 6 өкілі қатысады.

23-26 қаңтарда Болгарияның Пловдив қаласында семсерлесуден Әлем кубогі өтеді, онда Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады. Сонымен қатар, 24-26 қаңтар аралығында Канададағы Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі өтеді, бұл жарысқа еліміздің 15 спортшысы қатысады.

25 қаңтарда Астана қаласында жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа Олимпиада және әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарындағы белгілі спортшылар қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу