KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Өскемен: субұрқақтар қашан іске қосылады?

11.04.2023, 14:42 226 Ләззат Қанатқызы

Қазір облыс орталығында фонтандарды іске қосу үшін даярлық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жылдағы дәстүр бойынша субұрқақтар 1 мамыр күні жұмысын бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Десе де, қала әкімдігі ауа райына байланысты жоспар өзгеруі мүмкін екенін де ескертеді.

Қазір қаладағы барлық фонтандар тексеріліп, кейбіріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл Коменданткадағы субұрқақ да іске қосылмақ.

– Өткен жылы сорғыларды ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жаздың аяғында біз оларды іске қостық. Сондықтан биыл субұрқақ жұмыс істейтін болады. Қазір дайындық басталды. Бассейндер жуылып, тазаланатын болады, – деді "Таза Өскемен" басшысы Асхат Тәженов.

Ал қалалық ТҮКШ бөлімі орталық алаңдағы музыкалық субұрқақтың жұмыс кестесі 1 мамырға дейін жасалатынын атап өтті. Өткен жылы субұрқақтар 19.00-ден бастап жұмыс істеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив