KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Күрделі диагнозбен түскен науқасты аман алып қалды – Өскемен

15.04.2023, 16:45 235

Өскемендік кардиохирургтер қолқасы жарылған ер адамды аман алып қалды. Науқас облыстық ауруханаға жүрек талмасы белгілері бойынша жеткізілгеніменКТ нәтижесі бойынша аорта диссекциясы деген диагноз қойылған.
Ең күрделі операцияның бірін өткізген дәрігерлер 10 сағатқа жуық уақыт науқастың өмірі үшін арпалысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Көше ортасында жағдайы нашарлаған науқас бар күшін жинап көлігіне жетіп, жарына қоңырау шалған. Осылайша жедел жәрдем көлігі науқасты ауруханаға жеткізді.
Кардиологиядағы ең ауыр диагнозбен түскен науқастың қолқа тамыры түгел, яғни жүректен бастап жамбасына дейін зақымдалған, қолқа қақпақшасына да зарар келген. 
Аталған патология көп жағдайда өлімге әкеледі екен. Түні бойы жалғасқан ота барысында науқасты жасанды қан айналымына қосып, денесін 29 градусқа дейін салқындатқан. Дәрігерлер қолқа қалпақшасын механикалық құрылғыға, тамырды жасанды тамырға ауыстырды.

– Дәрігерлер ғажайып іс істеді. Өмір сүру мүмкіндігім өте аз болғанын білемін.Бірақ мен өзім үшін емес, жақындарым мен балаларым үшін алаңдадым. Дәрігерлер мені құтқарып қана қоймай, туыстарымның жүрегін қайғыдан сақтап қалды.Ал сол түні мен үшін алаңдағандардың барлығы – әйелім, ата-анам, балаларым, достарым, сыныптастарым қаламызда нағыз кәсіпқой мамандар бар екенін түсінді. Алғыс айту аздық ететінін білемін. Осы аурухананың дәрігерлеріне, медбикелеріне, барлық қызметкерлеріне рахмет! – дейді отадан аман шыққан Болат Қалиақперов.

Отадан кейін жағдайы жақсарған емделушіем-дом шараларын оңалту орталығында қабылдайды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив