KZ
Өскемен
-28°
туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Өскеменде Даңқ мемориалы мен бұрынғы Достық үйі жөнделмек

Фото: Шартты сурет

19.04.2023, 17:23 496

2023 жылы жергілікті маңызға ие 2 тарих және мәдениет ескерткіші жөнделеді. 
Оның бірі – өткен жылдары қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген Даңқ мемориалы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 2 нысанда 2023 жылы қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

– 2023 жылы жергілікті маңызы бар 2 тарих және мәдениет ескерткішінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Бұл – Қазақстан көшесі 63-үй мекенжайында орналасқан, 1912 жылы салынған бұрынғы Достық үйі. Онда су құбыры мен кәріз желілері жөнделеді. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлар мен жауынгерлердің мемориалдық кешені де жөнделеді, – деді Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесінің директоры Талғат Сүлейменов. 

Даңқ мемориалы өткен жылдары қалпына келтірілген еді. Алайда қазір ақаулар байқала бастаған. Кейбір әріптер мен сандар түсіп қалған, кей жерінде тақтайшалар ашылып кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу