250-ге жуық ата-ана қалалық жиналысқа қатысты – Өскемен

Фото: Шартты сурет
19 сәуір күні Өскемен қалалық білім бөлімі қалалық ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналысқа 250-ге жуық ата-ана қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жиналыста «Қауіпсіздік және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері» тақырыбы шеңберінде сөз қозғалды.
Шарада кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг, құқық бұзушылықтар және қылмыстардың алдын алу, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Оқи отырыңыз