Өскеменнің шеткі ауданында мектеп салынады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар 23-ші шағын ауданның тұрғындарымен кездесті.
Жұмыс сапары барысында әкім биыл жүзеге асатын, конкурстық рәсімдері аяқталған және бюджеттен тиісті қаражаты бөлінген жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бұл тұрғын аудандағы Шарабарин мен Журба көшелеріне қиыршық тас төселеді. Оған қоса футбол алаңын салу және тағы бір ойын алаңын жабдықтау жоспарда бар. Аталмыш жұмыстар шілде айының басында аяқталуы керек, – деді қала әкімі.
Тұрғындар кездесуде мектеп салу мәселесін көтерді. Бұл бұған дейін де бірнеше мәрте қозғалған сауал еді.
– Жақын арада біз мұнда тұратын мектеп жасындағы балалардың нақты санын есептейміз. Келесі кездесуде біз мектептің орнын көрсетуіміз. Жоспар бойынша қарастырылған жер бар. Осыдан кейін мектеп құрылысы бойынша құжаттама әзірлеуді бастаймыз. Балалардың санына байланысты 600 немесе 300 орындық оқу орны салынады, – деді қала әкімі.
Оқи отырыңыз