KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскеменде мектеп жәрмеңкесі өтеді

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

20.08.2023, 15:16 318 Ләззат Қанатқызы

Қала әкімдігі тұрғындарды және қала қонақтарын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін мектеп жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.

Мектеп жәрмеңкесі 26 тамыз күні сағат 11.00-де Өтепов көшесі, 29а мекенжайында орналасқан «MOSSO» СҮ аумағында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Аталған іс шарада барлық мектепке қажетті құралдарды, кеңсе тауарларын, сонымен қатар мектеп формасын қолжетімді бағада сатып алуға болады. Жәрмеңке ұйымдыстырушылары - Өскемен қаласы әкімдігімен бірлесіп «MOSSO» компаниялар тобы", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Сауда қатарларының жұмысы 11.00-ден басталып 17.00-ге дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив