KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
521.9 593.5 6.39

Өскеменде мектеп жәрмеңкесі өтеді

13.08.2019, 11:18 252

 

Шығыстың бас шаһарында 19-25 тамыз аралығында мектепке қажетті құрал-жабдықтардың жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бір аптаға созылатын жәрмеңке Республика алаңында күнделікті сағат 15.00-де басталып 21.00-ге дейін жалғасады. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, оқу жылында қажетті барлық тауарлар арзан бағада ұсынылады. Жәрмеңкеге 12 дүкен атсалысады екен.

– Ең бастысы оқушылар үшін барлық жеңілдік жасалуы тиіс. Сондай-ақ адамдар топырласып кезекте тұрмау үшін түрлі ассортименттің болғаны жөн, – деп пікір білдірді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу