KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Полиция «борышкерлерді» іздестіруді бастады – Өскемен

21.08.2023, 11:00 225 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Полиция қызметкерлері қала көшелерінде рейд жүргізіп, айыппұлдан жалтарғандарды анықтайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 21-23 тамыз аралығында облыс орталығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу және айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету, – дейді қалалық полиция басқармасы.

Профилактикалық шара барысында полицейлер мемлекеттік автомобиль нөмірлерін тексеретін болады. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінде болса, көлік қарызы өтелгенге дейін айыппұл тұрағына жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив