KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

11 қыркүйекте сирена дыбысы тексеріледі – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

8.09.2023, 09:00 247

11 қыркүйек сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін азаматтық қорғанысты ескерту жүйесін тексеру жоспарланған. Ол «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде және кестеге сәйкес өткізіледі.

Тексеру кезінде біраз уақыт сиреналар қосылып, радиоарна, интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпарат жарияланады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Бәрі назар аударуын сұраймыз!» дыбыстық сигналы – қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай кезінде шұғыл хабарлама жеткізу үшін халықтың назарын аударуға арналған ескерту. Сирена дыбысын естігенде дереу 104.0 жиілігіндегі «Қазақ радиосын» қосу керек (ұялы телефон арқылы) немесе ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын, «Darmen» қосымшасын және «112» қызметінің SMS хабарламаларын қарау қажет.

Ересектер балаларға сирена дыбысы туралы түсіндіруі қажет. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ.

ШҚО ТЖД ескерту жүйесін тексеру жұмысына түсіністікпен қарауды және айтылған ұсыныстарды негізге алып әрекет етуді сұрайды.

 

                   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив