KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Алтайлық шаруалардың өнімдері жәрмеңкеге қойылады – ШҚО

Фото: egemen.kz

7.06.2023, 16:07 595

10 маусымда "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында Алтай ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңке сенбі күні сағат 8.00-ден 14.00 аралығында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңкелер 14 қаңтардан бастап қайта жанданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында өтеді.

Дерекке сүйенсек, тұрғындар сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағада өндірушілерден тікелей ала алады.

         

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу