KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Катонқарағайдың жәрмеңкесіне жиналған жұрт қымыз ішіп, бал көтеріп жарысты

23.09.2023, 11:05 432

Бүгін Өскеменде Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі өтіп жатыр. 

Базарда өзге аудандарды қойып, еліміздің өзге өңірлерінде кездесе бермейтін, тек Катонқарағайдың брендіне айналған панты мен бал өнімдері келушілерге молынан ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Базаршы жұрт бағасы арзан, сапасы жоғары азық-түлік өнімдерін сатып алып жатқанда, мына жақта білекті жігіттер 30 келіге жуық салмақ тартатын балды төбесінен асыра көтеріп, сайыс көрігін қыздырды.

Жәрмеңкеге апта сайын келіп, күш-қарымын көрсетіп жүрген Сұлтан Амантай қанжығасын майлап қайтты. Ол белтемірге байланған 30 келі тартатын балды 40 мәрте көтеріп, сыйлыққа өзі көтерген балды алды. Өткен жәрмеңкеде Сұлтан қой көтеріп, жеңімпаз атанған. Ал бұл жолы бәйгеге тігілген қошқарды 205 рет көтерген тарбағатайлық Әділет Солтанов чемпион болды. Әділеттің қой көтеруден жеке рекорды 310 рет екен.

– Бұл менің қой көтеруден жеңіп алған 18-ші жүлдем. Жуықта өткен Тарбағатай ауданының жәрмеңкесінде қойды 160 мәрте көтеріп жеңіске жеткем. Енді міне Катонның қошқары бұйырды. Былтыр Тарбағатайдың Ақжар ауылында өткен Наурыз мерекесінде шопан ата түлігін 310 рет көтергенім бар. Жеке рекордым осы болды, – дейді Әділет Солтанов.

Қымыз ішуден сайысқа түскендердің өнерін аймақ басшысы да тамашалады. Екі литрлік шыны ыдысқа шүпілдете толтырған қымызды белгілінген уақытта тауысу керек. Шарт солай. Бұл сайыста қатонқарағайлық Мерей мен өскемендік Рустам екеуі қымызды бірдей түгесіп, бірінші орынды бөлісіп алды.    

Айта кетсек, кеше Катонқарағай ауданының мәдени күндері аясында "Ертіс концертте"  гала-концерт пен көрме өткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив