Тағы бір шағын ауданның жолы жөнделді - Өскемен
Фото: egemen.kz
Облыс орталығында шағын аудандарды дамыту бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Өткен шілде айында шаhар басшысы Жақсылық Омардың Аблакетка тұрғындарымен кездесуінде Байдуков көшесінің жай-күйіне қатысты мәселе көтерілген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көше шынымен сын көтермейтіндей жағдайда болған. Тұрғындардың айтуынша, жеңіл көлік түгілі, жүк көліктерінің өзі бұл жолмен жүруге қиналатын көрінеді.
Қала әкімі аталған көшеге қысқа мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген.
Қазір шағын аудандарды дамыту бағдарламасының арқасында қалада жаңа жолдар салынып, жарықтандыру тіректері орнатылып, аумақтар абаттандырылып, балалар мен спорт алаңдары жабдықталуда.