KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 3 м/с, З
515.03 584.82 6.24

Өскемен: 22-ші шағын ауданда тағы 3 учаскеге асфальт төселеді

26.04.2023, 14:37 373 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында шағын аудандарды дамыту бағдарламасын жүгезе асыру жалғасуда.

Қала әкімі алдағы уақытта әр аудан тұрғындарымен кездесіп, жасалуы керек, қажетті жұмыстарға басымдық бермек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 22-ші шағын ауданның тұрғындарымен кездесу өткіздім. Өткен жылы мұнда Уәлиханов, Жансүгіров және Мәметова көшесінің жартысына асфальт төселіп, жалпы ұзындығы 5,5 шақырым учаскелерде қиыршық тас төгілген болатын, – дейді қала әкімі.

Биыл аталған шағын ауданда тағы 3 учаскенің жолы жөнделмек. Атап айтқанда, Мәметова көшесінің қалған бөлігі, Бөкейханов көшесі, сондай-ақ ЖМК мен Алматы тасжолына шығатын жолға асфальт төселеді.

Сонымен қатар спортпен шұғылдануға арналған футбол алаңы да жабдықталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу