KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде тұраққа қойылған көлік өртеніп кетті

Фото: gov.kz

2.10.2023, 12:03 287

Өскемен қаласындағы Космическая көшесінде тұраққа қойылған "BMW" маркалы көліктен өрт шықты. Көлік 1993 жылы шығарылған.

ШҚО ТДЖ дерегінше, қозғалтқыштың бөліктері, панель, сыртқы бөлігі және салоны жанып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының өрт сөндірушілері 4 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді.

Өрт сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. ШҚО ТЖД болжамы бойынша, өрт шығуына қозғалтқыш бөліміндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

ТЖД көлікті техникалық тексеруден уақытылы өткізіп, қозғалтқышқа ұқыпты болу керектігін еске салады. Өрттің алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив